«Ата Заң – елдігіміздің еңсесі»

19.09.2019

28 тамыз күні. Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы кезеңде қабылданған конституциямызға биыл 26 жыл толып отыр. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш конституциясы қабылданды.Қоғам өзгерген сайын сол өзгерістер талабына сай заң да өзгеріп,толықтырылып отыратыны белгілі 1995 жылы 30 тамызда біздің еліміздегі өзгерістерге,жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституция өмірге келді.Жасөспірімдер кітапхасының оқу залында Қазақстан республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата Заң – елдігіміздің еңсесі» атты әңгіме сағаты  өткізілді. Іс – шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Конституция туралы баяндама оқылды, кітапханашы Н.А Ибраева «Қазақстан Республикасының Конституциясы – тұрақты мемлекеттің тұғыры» атты кітап көрмесіне шолу жасады.Шараға 10 адам қатысты.