20 тамыз күні. Жасөспірімдер кітапханасының оқу залында кітапханашы К.Ж.Коппаева 20-шы тамыз күні сағат 15.00-де Б. Амалбеков атындағы ЖОББМ-нің оқушыларымен “Жаңаарқа тарих толқынында” атты тәрбие сағатын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты: Оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Өзінің туып – өскен жерін, Жаңаарқа ауданының тарихы туралы, жерлес жазушыларымыздың өмір деректерімен таныстырды. Кітапxанашы балаларға «Туған өлкем – тұнған шежіре» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.Шара соныңда оқушылармен сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Шараға 8 адам қатысты.