«Кітапхана – жастар үшін мүмкіндіктер кеңістігі» атты көшпелі семинар өткізілді

19.09.2019

14-ші тамызда «Жаңаарқа аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ. С.Сейфуллин атындағы үлгілі орталық кітапханасының оқу залында  Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Жаңаарқа ауданының ОКЖ кітапханашыларына арналған «Кітапхана – жастар үшін мүмкіндіктер кеңістігі» атты көшпелі  семинар өткізілді.Семинарды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  директоры  Үскенбаева  Шынар Түлкібайқызы ашты. Директордың  орынбасары Р.С Қожамберлина кітапхана жүйесі туралы қысқаша баяндама жасады. Семинар барысында  Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жаңартпашылық әдістемелік бөлімнің  басшысы Р.Р Қазтаева,  жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы Б.Қ Мырзатаева, облыстық жасөспірімдер кітапханасының сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар, мұражай жәдігерлер бөлімінің қызметкері Ж.И Катаева өз тәжірибелерімен бөлісіп, видеоролик, «Жоба өзектілігі», «Клуб жұмыстары  кітапханадағы қолжетімді кеңістік» атты жаңаша жұмыс түрлерімен таныстырды.

Семинардың мақсаты: Облыс бойынша кітапханалар мамандарының біліктіліктерін және де кітапханалар мәртебесін көтеру, кітапханалардағы жасөспірімдермен ұйымдастырылған жұмыстарын жандандыру.

Жастар үшін ұйымдастырылған және болашақта өткізілетін жаңаша жұмыстары жайлы ,«Тәуелсіз елдің болашағы – жастар» атты тақырыбында аудандық жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Ж.С.Смаилова, «Жастар белсенді елдің – ертеңі жарқын» атты тақырыбында Ақтүбек ауылдық үлгілі кітапханасының  кітапханашысы Б.Ж.Анишева,  «Болашақ – жастардың қолында» тақырыбында  Орынбай үлгілі ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Н.Дюсембековалар баяндама жасады.

Семинар мақсаты жастарға кітапханалық қызмет көрсету сапасын арттыруда өз межесіне жетті. Яғни біздің тәуелсіз елдің болашағы – жастар екендігі, әрі келер ұрпаққа сапалы қызмет көрсету кітапханашы міндеті екендігі алға қойылды.