«Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары»

19.09.2019

Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың өлеңдері  таңдап алынды. Осыған орай жасөспірімдер кітапханасының оқу залында,«Бір ел – бір кітап акциясы» бойынша оқушылар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылығын дамыту, оқырмандардың оқуға деген ықыласын арттыру. Жасөспірімдердің зияткерлік – рухани дамуына ықпал жасау.Кітапханамызға оқырмандарды тарту.  Отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын арттыру.

Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші – білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені баршамызға мәлім. Болашақ – білімді жастарымыздың қолында. Кітапхана оқырмандарының, әсіресе жастардың, ой-өрісін, ішкі дүниесін қалыптастыруда, жас ұрпақтың білім алуына жасөспірімдер кітапханасы да өз үлестерін қосып, еңбек етуде. Қазақстанда алғаш рет 2007 жылы бастау алған «Бір ел – бір кітап – 2019» республикалық акциясы бойынша биыл екі  кітап: Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың өлеңдері  таңдап алынды. Бұл кітаптарды оқу жыл бойы насихатталатын болады.

Жасөспірімдер кітапханасының оқу залында «Бір ел – бір кітап акциясы» аясында  «Аңыздың ақыры» романы   дөңгелек үстел және «Сырда туған– сырбаз ақын» атты жыр кеші  өтті.  Шара екі бөлімде өтті.  Дөңгелек үстелге Б.Амалбеков,Ю.А Гагарин атындағы 10-11 сынып оқушылар қатысты.  Талантты қазақ прозаигі  Әбіш Кекілбаевтың  «Аңыздың ақыры» романы – өз биігінен түспеген қазақтың классикалық шығармасы. Қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салып, қызу пікірталас ұйымдастырды. Шығарманың философиялық маңызы және өзектілігі ерекше сөз етілді. Романды оқып шыққан оқырман Жаратушы, Табиғат,Уақыт деген үш ұлылықтың құдіретін,мәңгіліктің бұлтартпас күшін түсініп, сезінгенін және алтын басты Әмірші болсаңда, жарты әлемді уысыңда ұстасаң да,сен де пендесің.Әр нәрсенің бір сұрауы барын, кімге болса да әлгі үш Ұлылықтың алдында бір зауал бар деп ой түйді. Пікірталас нәтижесі арқасында оқушылар Әбіш Кекілбаев туралы біраз мәліметпен танысты.

«Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,шолу жасалды Ә.Тәжібаевтың шығармаларына арналған «Сырда туған– сырбаз ақын» атты жыр кешіне  ақынның өлеңдерін.  Ақынның «Ленинград», «Майданнан хат», «Уақыт», «Жолдар» өлеңдерін мәнерлеп оқылды. Шараға 15 оқушы қатысты.