ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі жолдауы

19.09.2019

Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауындағы басымдылық берілген салалардың бірі – мәдениет саласы. Адамзатты рухани байытатын әлемді қолдау елдің болашағына үлкен әсерін тигізеді. Басшымыздың тапсырмасымен осы саладағы мамандардың еңбекақысы көтеріліп, кітапхана, музей, театрларда қызметкерлеріне аса назар аудартылатын болады. Ел арасында таратылған ең көп қауесет жер сатылу мәселесі жайлы еді. Президентіміз осы сөздерге нүкте қойып, ешқандай жердің сатылмайтынын мәлімдеді.

Алғашқы рет жолданған жолдауға ел зиялылары қолдау көрсетуде. Қазақстанның әрбір азаматы ел келешегі үшін еңбек ететін болса, қандай да бір мәселе шешімін табары сөзсіз.

Баспана алу әр адамның арман-мақсаты екені өтірік емес. Енді сол арманға өзіңіздің жинаған зейнетақы қорыңыздағы қаржыны жұмсау арқылы жете аласыз. Яғни, мемлекет басшысы арнайы зейнетақы қорындағы жинаған қаражатты әр азамат баспана алуға немесе білімге тиімді қолдануына жағдай жасауды көздейді. Бұл зейнетақы жүйесінің тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеп отырғандай.

Бүгінде кәсібін ашып – нәсіп көріп отырғандар біршама. Шағын бизнес болса да еліміздің экономикасына зор үлестерін қосып келе жатқаны даусыз. Енді Президент тапсырмасы бойынша осы бизнес иелері салық төлеуден 3 жылға дейін босатылады. Бұл жас кәсіпкерлердің алға қарай игерілеуіне сүбелі үлесін қосары анық. 2020 жылдан мұғалімдер жалақысы 25 пайызға өседі – Мемлекет басшысы мұғалімдердің жалақысы жайлы сөз қозғады. Әл-Фарабидің  1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтетінін, 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланды.