“Көңілден шыққан көркем туындылар”

02.10.2019

30 күні С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқу залында “Бір ел- бір кітап” акциясы аясында “Көңілден шыққан көркем туындылар” атты мәнерлеп оқу акциясы өткізілді. Шараға О.Жұмабеков атындағы мектеп оқушылары қатысып, биылғы “Бір ел- бір кітап” акциясына таңдалып алынған қазақтың екі бірдей жазушысының, яғни Әбіш Кекілбаев пен Әбділдә Тәжібаевтың өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Қазақ әдебиетінің үздік туындыларын кейінгі ұрпақтарға насихаттай отыра, Әбіш Кекілбаев пен Әбділдә Тәжібаевтың өмірінен, қызмет жолдары жайлы бейнебаянда көрсетілді. “Тұлғалары тұңған тәлім, есімдері елге мәлім” атты кітап көрмесіне шолу жасалып біраз мағлұматтар алды. Шара соңында оқушыларымызды алғыс хатпен марапаттап, алғысымызды білдірдік.