«Қарттарым асыл қазынам»

04.10.2019

Қарттар күні мерекесіне орай «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік кеш  өткізілді. Шараға ақ жаулықты  әжелеріміз,  асқар таудай аталарымыз, бен мектеп оқушылары  қатысты.Қонақтарға оқушылардың өлең жолдары оқылып, Қазақстан  Республикасының мәдениет қайраткері, шығармашылық бөлім меңгерушісі, дәстүрлі әнші, Сыздықов Жалын Айтбекұлының  орындауындағы  әсем әндер шырқалып,  құрмет көрсетілді.Шара барысында  қонақтар бір-бірлерін құттықтап қана қоймай, қоғамға сіңірген еңбектері, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестері айтылып, ой салар танымдық әңгімелері тыңдалды.