«Жан алауы сөнбейтін тұлға»

07.10.2019

10-шы қыркүйек күні балалар кітапханасының оқу залында өнер қайраткері, халық әртісі, композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жан алауы сөнбейтін тұлға» атты презентация өтті. Шара барысында кітапханашы Әсем Құрақбайқызы С.Мұхамеджановтың өмір жолын, тәлім мен білім алған ортасын, шығармашылығын жас оқырмандарға жан-жақты таныстырып өтті. Балалар өнер қайраткерінің күйлерін тыңдап, әсем әуездеріне қанықты. Қазақ өнеріне мол мұра қалдырған С.Мұхамеджанов туралы түсінігін молайтқан оқырмандарымыз сұрақтар қойып, қайраткер жайлы толық мағлұмат алды. Шара мақсаты балаларға қазақ өнерін дәріптей отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу, С.Мұхамеджановтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру арқылы, өнерге, білімге баулу.