«Табиғат пен адам»

07.10.2019

13-ші қыркүйек күні жас буын оқырмандарды «Табиғатты» қорғауға, аялауға баулу мақсатында «Табиғат пен адам» экологиялық соты ұйымдастырылды. Шара мақсаты: сот залын бейнелейтін шағын көрініс арқылы балаларды «Табиғат пен адам» арасындағы тығыз қарым-қатынасын, бір-бірінсіз өмір жоқ екендігін, адамның жарқын, дені сау болашағы үшін «таза табиғаттың болуы» маңызын түсіндіру, оны аялауға, қорғауға үйрету. Шара барысында жан-жануар, табиғи құбылыстар (ауа, су, топырақ) кейіпкерлері «Адамды» айыптайды, бірі қорғайды. Адамның табиғатты ластамауы, жан-жануарларды жойылып кету қауіпіне дейін жеткізгендігі сөз болады. Осы көрініс арқылы балалар да табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсініп, пікірлерін айтты. Шара өте қызықты, әрі тарысты өтті.