“Қазақстан Республикасының Тілдер күні”

07.10.2019

Қыркүйек айының 5-ші жұлдызында “ҚР-ның Тілдер күні” мерекесіне орай балалар кітапханасы Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББМ-ның 6 “А” сынып оқушыларының қатысуымен “Тіл және Тәуелсіздік” атты ертеңгілігін және “Тілдің мерейі-елдің мерейі” атты кітап көрмесін ұйымдастырып өткізді. Шара мақсаты – оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой – өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру. Шара барысында кітапханашы Роза Ғазалықызы әрбір ұлтжанды азамат елінің “тәуелсіз” болуы үшін тілін құрметтеп, қастерлеуі керектігін ұғындыра отырып, балаларға қазақ тілінің шығу тарихын, дамуын және де тіл туралы мақал – мәтелдер, заңдар оқып, көп мәлемет берді. Оқушылар сапқа тұрып, еліміздің әнұранын шырқап, тақпақтарын мәнерлеп оқып, сөз-жұмбақ шешті.