3-қазан күні Б. Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының кітапханашылары О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ-ның 4-сынып оқушыларына «Ұстаз – үлгі, өнеге, ұлағатым» атты кітап көрмесін ұйымдастырылып, таныстырды. Көрменің мақсаты: айналасына білім, тәрбие беріп, адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету, лебіз білдіру, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрме барысында «ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы» екендігі түсіндіріліп, оқушылармен ой бөлісіп, пікір айтылды.