«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған кездесу өтті»

14.10.2019

Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханасында 9-шы қазан күні діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған кездесу өтті. Қарағанды облыстық «Әнет баба» атындағы Орталық мешіттің ұстазы Уақасов Мадияр Мейіржанұлы оқырмандарға дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм туралы айтып, жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарымызды қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды.