«Қыз қылығымен көрікті»

25.10.2019

«Арай» ашық сырласу клубының жұмыс жоспары бойынша «Қыз қылығымен көрікті» атты тәрбие сағаты өткізілді. Жаңа әлеуметтік даму жағдайында қыз балаға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, белсенді шығармашылық іс-әрекеттерге дайын, ұлттық және әлемдік білім нәрімен сусындаған жоғары деңгейдегі мәдениетті және адамгершілігі мол, жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүре алатын, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік ұғымын түсінетін қыз бейнесін қалыптастыру мақсатында өткен тәрбие сағатына Жаңаарқаның іскер әйелдері қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әрінова Дәмеш Әрінқызы, №132 ЖОББМ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жакеева Мақпал Сакібайқызы, №132 ЖОББМ психологы Шәкей Сайрангүл және оқушылар қатысты. Ой сергітетін ойындарға оқушыларымыз белсене қатысып, өздерінің қызықтырған сауалдарын қойды. Қазақ қызының бойындағы әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық секілді жан-жақты ұлттық қасиеттерін дамыта білу, сонымен қатар, оларға халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін ұғындырып, халық өнегесін үйрету екенін айтқан Дәмеш Әрінқызы қыз бала тәрбиесі ата-анаға үлкен сын екендігіне тоқталды. «Қыз – елдің көркі» атты кітап көрме таныстырылды.