«Коворкинг орталығының» ресіми ашылу салтанаты өтті

01.11.2019

«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – халықтың білімге деген құштарлығын арттыру. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай #коворкинг – орталық ретінде қайта құру жобасын қолға алды.Аталмыш бастама негiзiнде 29 – қазан күні аудан әкімі Ю. А. Бекқожинның қатысуымен аудандық орталық кітапханада «Коворкинг орталығының» ресіми ашылу салтанаты өтті. Орталық жаңа технологиямен #моноблок #ноутбук #skype жоғары жылдамдықты интернетпен #wifi және заманауи жиhаздармен жабдықталған. Мұнда келушілер арнайы конференц-залда түрлі тақырыптарда семинарлар, дәрістер және тренингтер өткізе алады. Одан бөлек, жаңа орталықта #демалыс аймағы, #кинозалы#кофехана, кітап сөресі және еркін #пікірталас аймағы бар. Осындай коворкинг-орталықтар жастарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік екенін айтқан аудан әкімі Ю. А. Бекқожин оны жастар, соның ішінде «Жастар Ресурстық орталығының» мүшелері тиімді пайдалануы керектігін тілге тиек етті. Сондықтан осындай орталықтарды мазмұнды, мәнді дүниелермен толтыруымыз керек. Жобаның негізгі мағынасы да осы, яғни дәстүрлі кітапханаларға жастарды тартып, олардың кітап оқуға, сапалы білім алуына жағдай жасау.