Сыздықов Жалын

11.11.2019

Сыздықов Жалын Айтбекұлы – 1973 жылы Жаңаарқа ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Әнші, қазақтың дәстүрлі әндерін орындаушы. 1990 жылдан бері Жаңаарқа мәдени сауық орталығының қызметкері. Қарағанды қаласындағы Тәттімбет өнер колледжінің түлегі. Қарағанды Болашақ Академиясының «Мәдениеттану» факультетін бітірген. «Думан» әзіл-сықақ отауының белді актері, Жаңаарқа халық театрының режиссері және актері. «Назқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің мүшесі. Қыш өнерінің шебері, әуесқой сазгер. Республикалық, халықаралық ән байқауларының жүлдегері. Шәкірт тәрбиелеп отырған ұлағатты ұстаз. «Мирас» қолөнер үйірмесінің жетекшісі, халық шығармашылық бөлімінің меңгерушісі. Қарағанды облысы әкімінің «Халық әнін үздік орындаушы» дипломының,  «Алтын қобыз», «Алтын домбыра» сыйлықтарының иегері, «Тайжан ізімен» атты республикалық ән додасының бас жүлде иегері.  Қазақстан Ұлттық телерадиосының алтын қорында дауысы жазылған. Қазақстан Республикасының  Мәдениет қайраткері.