«ЖИТС – ғасыр індеті»

05.12.2019

3 желтоқсан күні 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «ЖИТС – ғасыр індеті» атты акция өткізілді. Акцияның өткізілуінің маңыздылығы туралы, ЖИТС–ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар мен акцияларды өткізу – азаматтарды, бірінші кезекте жастарды өз денсаулығы үшін қамқорлық пен ынтымақтастық жауапкершілікке бағыттаудың, АИТВ – вирусын жұқтырмаудың алдын алу жолдарын білуді жоғарылатудың тағы да бір мүмкіндігі болып есептелетіні түсіндірілді.
Акцияға жастар, оның ішінде С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ жанындағы интернат тәрбиеленушілері, жергілікті тұрғындар ат салысты. Акция барысында әр мекемеге үнпарақтар таратылды.