«Сарыарқа – адалдық алаңы»

05.01.2020

9-желтоқсан күні «Коворкинг» орталығында Жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбы бойынша өлең оқу конкурсынан сайыс өткізілді.
Жемқорлық дегеніміз – адалдық пен көрегенділіктің жоқтығы, лауазымдық қызметін пайдаланып, әділетсіз жолмен пайда табу. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Оқушылар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» деген ұранмен өлең оқыды. Қорытындылай келе, конкурсқа қатысқан үздік деген оқушыларымыз марапатталды. Осы іс-шараға қатысушылар пайдалы ақпараттар алып, бір-бірімен қызықты пікір алмасты. Сөз соңында кітапханашы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлығымыз біріге күш салып қолға алсақ қана келешегіміз жарқын болмақ деп шараны қорытындылады.