«Тәуелсіздік тұғырым»

05.01.2020

2019 жылдың 11 –ші желтоқсанында бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Тәуелсіздік тұғырым» атты музыкалық кеш өткізілді.
Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған Тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Тәуелсіздік күні – жанарға жас толтыратын, ерлік пен өрлікке тағзым жасататын қасиетті күн. Сонымен қатар, «Алтын анам – Отаным, сенен аяр жаным жоқ» – деп ұрпағының болашағы үшін жанын пида еткен, сұрапыл соғыс, тәуелсіздікке ұмтылу жылдарында қан кешкен асыл боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Музыкалық кешіміз желтоқсан оқиғасында шейіт болған сол бір боздақтардың есімдерін бір сәт үнсіздік жариялаумен ашылды. Жастар рессурстық орталығының ерікті жастарынан құралған «Қайраттың ақтық сөзі» атты көрініс қойылып, желтоқсан қаһарманы Қ.Рысқұлбековтің қайсар да, батыр келбетін көрсетіп, оның соңғы сөзін көрермендерге шынайы жеткізе білді. № 132 ЖОББМ 5 «Б» сынып оқушылары және 6 «Б» сынып оқушылары әсем ән мен тәтті күй ойнатып, оқырман назарларына «Біз Отанның ұланымыз» өлеңін хормен айтты. «Тәуелсіздік- азаттығым бақ күнім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік белестері», А. Айталы «Байсалды ел байқаусыз қате жібермесін», «Древо независимости:от истоков к процветанию», «Тәуелсіздік шежіресі», Ш.Елеукеновтың «Тәуелсіздік биігінен», М.Қозыбаевтың «Киелі Тәуелсіздік», М. Жолдасбековтың «Тәуелсіздік тағылымы», Ә.Нысанбаевтың «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм», А.А.Морозов «Казахстан за годв независимости», «Летопись независимости» және тағы басқа да Тәуелсіздік туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. «Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!» – деген тілекпен шараны аяқтап, қатысқан барлық өнерлі оқырмандарымызға кітапхана атынан алғыс хат пен мадақтама берілді.