«Қанатты жырдың қарлығашы»

05.01.2020

12- желтоқсан күні Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ 10 – сынып оқушыларына ақын, ҚР Халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтоына орай ақпараттық кеш өткізілді. «Қанатты жырдың қарлығашы» атты көрмеде Фариза Оңғарсынованың жасөспірімдерге арналған «Асау толқын» атты жаңа кітабында заман рухы, ғасыр тынысы, бүгінгі ұрпақтың ой-арманы мен өмір тынысы көркем тілмен шебер бейнеленген. Мәдени шараға ақынның қалам тербеген туындылары «Асау толқын,», «Біздің кәмшат», «Шашы ағарған қыз», «Сенің махабатың», «Биіктік», «Нежность», «Озарение», «Алмазный клинок» т.б кітаптары және басылым беттеріне жариялаған тың ақпараттар ұсынылды. Оқушылар ақынның туындысынан үзінді өлеңдер оқыды. Фариза Оңғарсынова – күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Поэзия падишасының Отанын, туған жерін, өзі туып өскен өлкенің кешегі мен бүгінгі өмірін, адам еңбегін, әкесі мен анасына деген ұлы махабатын достық пен сүйіспеншілікті жырлады. Қаламгер қазақ әдебиетіндегі жыр тарланы. Кітап көрмесіне ұсынылған қаламгер шығармалары пайдаланушыларға берер тағылымы мол болмақ.