«Бала Тұрар»

14.02.2020

Желтоқсан айының 24-ші жұлдызы күні кітапханамыздың оқу залында Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің 2 “Б” сынып оқушыларының қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рұсқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай «Бала Тұрар» атты пікір алмасуы ұйымдастырылды. Шара мақсаты: Тұрар Рысқұловтың өмірбаянын, өжеттігін айта отырып, әділеттсіздікке қарсы ой ұшқынын көкірегіне бала кезден ұялата бастағандығын түсіндіру, әңгімелеп беру. Тұрар Рысқұловтың бойындағы асыл қасиеттерді таныстыра отырып, ақыл- парасаттылыққа, әділдікке баулу. Шара барысында Тұрар Рұсқыловтың өмір жолы мен қайраткерлігіне тоқтала өтіп, Рысқұлдың қилы тағдыры туралы Мұхтар Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» повесінен білуге болатындығы және оның шығарамада баяндалған адамгершілік идеялары жайлы айтылып, таныстырылды.