«Бейімбет Майлин – көркемсөз шебері»

14.02.2020

Қараша айының 18-ші жұлдызы күні кітапханамыздың оқу залында Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББ мектебінің 7-ші сынып, Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің 2-ші сынып оқушыларының қатысуымен қазақ халқының «Үш бәйтерегінің» бірі, жазушы Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Бейімбет Майлин – көркемсөз шебері» атты әдеби кеші ұйымдастырылды. Шара мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру; Бейімбет Жармағанбетұлының «Оқыса білім бұлағы, оқыса елдің ұланы, – тірілтіп, елге жан бітіп, елі үшін жұмбақ қылады» сөзін дәріптей отырып, білім мен ғылымға тәрбиелеу.

Шара барысында Көрнекті суреткер жазушы, ақын, драматург Бейімбеттің өмір жолы, шығармашылығы жайлы «Зерделі сөздің зергері» атты презентациясы таныстырылып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Жазушының «Күлпаш» әңгімесіне оқушылар Арыстанқұлова Әзина, Байсатова Бақыт, Сұлтанқызы Жұлдызай, Құрақбай Меруерт қатысуларымен көрініс қойылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, өлкеміздің дүлдүл әншісі Сыздыков Жалын Айтбекұлы ән шырқап, “Үш бәйтерек” шығармашылығын айтып өтті. Құрақбай Меруерт Бейімбет Майлиннің шығармашылығынан жыр – шумақтарын мәнерлеп оқыды.