Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының ұйымдастыруымен “ABAKUS AZIA” ментальды арифметика және жылдам оқу интеллектуалды орталығының оқушыларымен «Білім биржасы» атты зияткерлік ойыны өткізілді. Шараның мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Білімге құштар жас өрендер “Болашақ” және “Бәйтерек” топтарына бөлініп, ойын шартымен танысты. Зияткерлік ойныны төрт турдан тұрды: яғни, І. Білім аукционы, ІІ. Эрудиттер сайысы, ІІІ. Таңдау-табыс, ІV. Сыйлықтар сайысы. Балалар өз ойларын ашық жеткізіп, білімдерін ортаға салды. Екі топта тең дәрежеде сайыс межесіне жетті. Шара өте қызықты, әрі танымды өтті.