“Жас ұландар – мақтанышы елімнің”

14.02.2020

Қаңтар айының 10-шы жұлдызында кітапханамыздың жасөспірім оқырмандарының отансүйгіштік сезімін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Гвардия (Ұлан) күніне орай “Жас ұландар – мақтанышы елімнің” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Көрменің мақсаты: оқырман бойына рухани – адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы – жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, отансүйгіштік пен ерлікті дәріптеу. Шара барысында Қ.Р.-ның Ұлттық Гвардиясының тарихы, қалыптасуы, құрлымы мен жеткен жетікістіктері баяндалды. «ЖІГІТТІ ЖЫЛЫ СӨЗ ШИРАТПАЙДЫ, ҚАТТЫ СЫН ШИРАТАДЫ», – деген дәйек сөзбен ұйымдастырылған кітап көрмесіне, «Көркемсуретті Қазақстан тарихы» Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін, А.Естеновның “Біздің батыр бабалар”, Е.Өтетілеуұлының “Әскери әліпби”, Қ.Райымбековтің «Сен білесің бе?» энциклопедиясы, “Менің отаным – тәуелсіз қазақстан”, «ХХI ғасыр – Қазақстанның жұлдызды ғасыры», N.Nazarbaqev “Eternet Nation Centuru- Ionq uears” т.б. кітаптары, фотосуреттер қойылып, оқырмандарға таныстырылды.