Қазанның 11-ші жұлдызы күні балалар кітапханасының оқу залында Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы мерейтойына арналған “Асты кен, үсті майса Жаңаарқаның, Кіндігі осынау алып Сарыарқаның” атты және қоғам қайраткері, ақиық ақын Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған “Сыр сандықты ашып қара, ашып қара сырласым” атты мерекелік кеш ұйымдастырылып, өткізілді. Кешке Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-ның Маржан Аянқызы жетекшілік ететін 3 “Б” сынып оқушылары, ұстаздар, кітапханашылар қатысты. Мерекелік кешіміздің шымылдырығы “Жаңаарқа вальсі” әнімен ашылды. Шара барысында оқушылар туған жерге арнаулар, Сәкен шығармашылығынан жыр шумақтар мәнерлеп оқып, би билеп, ән айтып, келген қонақтардың ықыласына бөленді.