“Зиянды әдеттер”

14.02.2020

Балалар кітапханасы жасөспірімдер оқырман тобы арасында “Зиянды әдеттер” атты сауалнама өткізді. Сауалнама сұрақтары жан мен тән саулығына зиянын тигізетін есірткі, темекі, ішімдік туралы болды. Сонымен қатар зиянды заттар денсаулыққа қаншалықты теріс әсер ететіні жайлы мағлұмат берілді. Сауалнама нәтижесі бойынша жауап берушілердің 100% -ы зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстайтындарын айтқан. Шара мақсаты: жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.