«Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!»

14.02.2020

Желтоқсан айының 26-шы жұлдызында Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының оқу залында Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің 2 сынып оқушыларының қатысуымен «Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өткізілді. Шараның мақсаты: Қыс мезгіліндегі балалардың сүйікті мерекесі жаңа жылмен таныстыру. Мерекелік көңіл күйлерін ояту. Әр баланың мерекеге қатысуын қадағалап, мерекені балалардың есінде қалатындай етіп өткізу. Балаларды өнерге, шығармашылыққа баулау.

Мерекелік кеш барысында жаңа жыл кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарға балалар «Кел, жаңа жыл!», “Жасыл шырша” әндерін шырқап, мерекелік тақпақтарын айтып, флэшмоб биледі. Аяз ата бүлдіршіндердің өнеріне сүйсініп, базарлығын таратып, ақ тілегін айтты. Өткен жыл Доңыз бен келер жыл Тышқан кездесіп, жылы лебіздерін білдірді. Жүрекке жылулық ұялатар жаңа жылдық құттықтау сөзін балалар кітапханасының меңгерушісі Гүлмайра Ағылақызы сөйлеп, 2019 жылғы үздік ұстаз Жаңыл Қабденқызын, үздік оқырмандар Мұрат Асылайды, Жаролла Айболды және белсенді оқырман Түгелбай Кәусарды марапаттап, сыйлықтар табыс етті.
Жаңа жылды балаларға қызықты, әрі көңілді өтуіне балалар кітапханасының кітапханашылары барынша ат салысып, балаларға мерекелік дәм ұсынып, ықыласына бөленді.