“Кемеңгер келбеті”

14.02.2020

29-шы қараша күні балалар кітапханасының оқу залында Б.Амалбеков атындағы ЖББОМ-ның 2-ші сынып оқушыларының, ұстаздарының қатысуымен “1-желтоқсан -Қ.Р.-ның Тұңғыш Президенті күніне” орай “Кемеңгер келбеті” атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара мақсаты: Қ.Р.-ның Тұңғыш Президенті жайлы толық мәлімет беру, білім алушыларға отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мерекелік ертеңгілігіміз рәміздеріміздің бірі “Әнұранмен” басталды. Шара барысында балалар кітапханасының меңгерушісі Г.Ағылақызы жылы лебізін білдіріп, мерекемен құттықтады, сондай-ақ кітапхана қорында жинақталған құжаттармен арнайы жасалған кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Шара жүргізушісі кітапханашы Н.Бексұлтанқызы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолы, білім алған ортасы, тәуелсіздік жылдары атқарған ерен еңбегі, әр жылдары жолдаған жолдаулары жайлы мағлұматтар берді. Балалар өз тарапынан “Қазағым”, “Қазақ елі” әндерін шырқап, елбасына арнаған жыр-шумақтарын мәнерлеп оқып берді. Мерекелік ертеңгілік Е.Хасанғалиевтің “Атамекен” әнімен аяқталды.