«Кітап және қаламгер»

14.02.2020

3 ақпан күні мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеуші Мұхтар Мағауиннің туғанына 80 жыл толуына орай «Кітап және қаламгер» атты кітап көрмесі Б.Амалбеков атындағы ЖББОМ-ның 9 «Б» сынып оқушылары мен ұстазы А.Байжуманованың қатысуымен өткізіліп, өмірбаяны мен шығармашылығы насихатталды. Шара барысында «Көк мұнар», «Қобыз сарыны», «Тазының өлімі», «Көк балық» сынды кітаптары таныстырылып, «Бір атаның балалары» атты повесі талданып, оқушылар өз ойын ортаға салды. Мақсаты: жасөспірімдердің кітапқа деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын ояту, жазушының шығармашылығын таныстыру, жазушыны үлгі ету.