«Кішкентай ханшайым»

14.02.2020

Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының абонемент бөлімінде Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-ның 4 сынып оқушыларының қатысуымен ағылшын балалар жазушысы Фрэнсис Элиза Ходжсон Бернеттің 170 жасқа толуына орай «Кішкентай ханшайым» кітабы бойынша тақырыптық сөре ұйымдастырылып, шығармашылығына библиогрофиялық шолу жасалынды. Шара мақсаты: әлем балалар әдебиетінің өкілі Ф.Э.Ходжсонның өмір жолын, шығармашылығын насихаттай отырып, балаларды кітап оқуға, көркем сөзге баулу. Шара барысында өмірін балалар шығармашылығына арнаған, барлық уақытта ең үздік жазушыларының бірі болып саналған Фрэнсис Элиза Ходжсоннің өмірбаяны туралы мағлұмат беріліп, «Кішкентай ханшайым» кітабы талданды. Жазушының кітаптарында достық, махаббат және қамқорлық жайлы баяндалып , бүлдіршіндердің айналасы, әлемі жайлы көркем жазылған.