«Тарихи романдар шебері»

14.02.2020

1915 жылдың 10 қаңтар күні – Қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушысы, дара тұлға, қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартқан, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталаңбас бейнесін сомдауы жағынан өзге туындылардан алда тұрған талантты шығармасы – «Көшпенділер» тарихи трилогиясының авторы Ілияс Есенберлин дүниеге келген күн. Биыл қазақ елі кемеңгер жазушының 105 жылдық мерейтойын атап өтпек. Осы орайда балалар кітапханасы Ю.А. Гагарин атындағы ЖББОМ-ның 3«А» сынып оқушылары мен ұстазының қатысуымен «Тарихи романдар шебері» атты кітап көрмесі мен ертеңгілігін ұйымдастырды. Шара барысында «Тарих, Тағдыр, Тұлға» атты бейнебаян көрсетіліп, Қадыр Мырза Әлінің «Ілияс Есенберлин» өлеңі және жазушы поэзиясынан жыр – шумақтары жарыса оқылды. «Тарихи романдар шебері» атты көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Көрмедегі «Қатерлі өлке», «Ілияс Есенберлиннің поэзиясы» т.б. кітаптары, суреттері және де «Көшпенділер» атты тарихи эпопеясы насихатталды. Шара мақсаты: жас оқырмандарға жазушының өмірі мен еңбек жолын, жеткен жетістіктерін насихаттау, үлгі ету. Оның халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларын оқырман жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға, құрметтеуге тәрбиелеу.