“Туған жердің киесі, дархан дарын иесі”

14.02.2020

Қ.Р.-ның Мәдениет министрлігінің қолдауымен Қ.Р.-ның Ұлттық академиялық кітапханасы және Қ.Р.-ның Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап “Бір ел, бір кітап” акциясы ұйымдастырылып келеді. Биыл акция аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры” атты шығармасы таңдалып, қалың оқырман қауымға оқуға ұсынылып отыр. Сонымен қатар, биыл жазушының 80 жылдық мерейтойы да аталып өтілуде, осы орайда балалар кітапханасы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығын балаларға таныстыру мақсатында “Туған жердің киесі, дархан дарын иесі” атты әңгіме сағаты ұйымдастырды.