«Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім»

14.02.2020

13-ші желтоқсан күні балалар кітапханасының оқу залында қазақ елінің ең басты мемлекеттік мерекесі “16-шы желтоқсан – Тәуелсіздік күніне” орай «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім» атты мерекелік ертеңгілігі өткізілді. Шараға №132  ЖББОМ-ның 6-шы «Б»  сынып оқушылары, ұстаздыры, тұрақты оқырмандар, кітапханашылар қатысты. Шара мақсаты: Қ.Р.-ның тарихы, «тәуелсіздік» ұғымы туралы мағлұмат беру; ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу; еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау; тәуелсіздік жылдардағы еліміздің жетістіктерімен таныстыру.
“Туған ел” патриоттық әнімен бастау алған мерекелік ертеңгілік барысында оқушылар қазақ ақындарының “тәуелсіздікке” арнаған жыр-шумақтарын мәнерлеп оқып, әндерін шырқады.

Кітапханашылар тәуелсіздіктің мәні мен мағынасын ұғындыра отырып, тарихтан сыр шертті, оның жолында ерлік көрсетіп, қол жеткізген ата-бабаларымыз жайында мағлұмат берді. Кітапханашы З.Құрақбайқызының орындауында «Өз елім» әні керемет орындалып, «Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Сондай-ақ, жас оқырманға тәуелсіз елін мақтан тұтып, болашаққа сеніммен қарау, отанын, ұлтын сүю міндеті қойылғандығы жайлы айтылды. Шара соңында “Қазақстан бақытым” атты әнге хор айтылды және де белсенді қатысқан сынып жетекшісіне және оқушыларға мерекеге орай “Жаңаарқа ауданының ОКЖ” тарапынан алғыс хат, сыйлық табысталды.