«Төл теңге тарихы»

14.02.2020

Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді және төл теңге күні болып жарияланды. Сонымен қатар бұл күн елімізде қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтіледі. Осындай айтулы мерекеге орай балалар кітапханасы С.Сейфуллин атындағы ЖББО мектебінің ұстазы Исмагулова Римма Мурсалимовна жетекшілік ететін 2 “А” сынып оқушыларының қатысуымен «Төл теңге тарихы» атты әңгіме сағатын өткізді. Әңгіме сағаты барысында Зәмзәгүл Құрақбайқызы “1993 жылы 12 қарашада ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР-ы Ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты, ал, 15-ші қараша күні теңге айналымға енгізілді. Елбасы Н.Назарбаев «Алтын» атауын ұсынды. Кейін жаңа ақшаны «теңге» деп атау туралы шешім қабылданды” – деп теңгеміз жайлы ақпарат беріп, тарихын баяндап, презентацияға шолу жасады.