«Шығыстың ғұлама ғалымы»

14.02.2020

Қаңтар айының 15 жұлдызында үлгілі балалар кітапханасының оқу залында Амалбеков атындағы ЖББОМ-ның 6 сынып оқушыларының қатысуымен екінші ұстаз, атағы әлемге жайылған ғұлама философ, көптеген ғылымның негізін салушы ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай рухани мұраларын жас оқырмандарға насихаттау мақсатында «Шығыстың ғұлама ғалымы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында халқымызға білім мен ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлғаның «Бақыт туралы», «Шығыс философиясы», «Қайырымды қала», «Музыка туралы кітап» атты шығармаларынан үзінділер оқылып, нақыл сөздері таныстырылды. Мақсаты: оқушының өз ойларын еркін жеткізіп, пікір айтуға бейімдеу, ойларын толықтырып қорытындылап, салыстыра білу дағдысын қалыптастыру. ғалым шығармаларына қызығушылығын ояту және ой-өрісін дамыту.