15 қаңтар 2020 жылы атақты «Көшпенділер» трилогиясының авторы, тарихи жазушы Ілияс Есенберлиннің 105 жыл толуына орай С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ жанындағы интернат тәрбиеленушілері және О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ 9 – сынып оқушыларына жазушының кітаптары таныстырылып, насихатталды. Қызықты ойындар өткізіліп, интерактивті тақта арқылы Ілияс Есенберлиннің өмірдерегінен бейнебаян көрсетілді.