«Қазақтың ырым – тыйым сөздері»

14.02.2020

Отбасы бақыты – бала. Осы өскелең ұрпаққа халқымыздың дана сөздерінің бірі ырым – тыйым сөздерін насихаттау мақсатында 13 қараша күні «Отбасымызбен оқимыз» клубы аясында «Қазақтың ырым – тыйым сөздері» атты көрме – диалог ұйымдастырылды. Көрме-диалог мақсаты – қазақ халқының ырым – тыйымдары арқылы адамгершілік құндылықтарды анықтау, тәрбиенің көзі ретінде пайдалану, ұлағатты ұлы сөздерді қазіргі жас жеткіншектердің санасына жеткізу.

Іс-шара барысында балаларға «Қуыр – қуыр, қуырмаш”, Абай Құнанбаевтың «Ата – анаға көз қуаныш», “Балаларға тарту”, Ү.Уайдиннің «Әдеп әлемі», “Ағаш бесіктен жер бесікке дейін” 1,3 кітаптары, Жәрдем Кейкіннің “Атадан өсиет, анадан қасиеті”, “Қазақтың 7777 мақалы мен мәтелі”, А.Хамзеұлының “Обал, Дүниеге сәби келді! “(Салт – дәстүрлер), «Сен білесің бе?», “Салт – дәстүрлер «Сен білесің бе?» атты т.б. кітаптары насихатталып, тыйым туралы өлең-шумақ айтылды. Көрме – диалогқа балалар мен аналары «ырым – тыйым» жайлы ой-толғаныстарын ортаға салды.