«Қазақ спортының майталманы»

14.02.2020

Қараша айының 19-шы жұлдызы күні «Атамекен» өлкетану клубының аясында былғары қолғап шебері, ҚазССР-дың еңбек сіңірген бапкері Ғалым Жарылғаповтың 80 жылдық мерейтойына орай «Қазақ спортының майталманы» атты дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Шара мақсаты Ғалым Жарылғапұлының өмірнамасына шолу жасай отырып, әр оқушының санасына еліне, жеріне, тіліне деген іңкәр сезімдерін ояту, отансүйгіштікке баулу. Дөңгелек үстелге спорт мектебінің бокс секциясының тәлімгерлері қатысты. Әр бала өзін таныстыра отырып, осы спорт түрін неліктен таңдағандарын және де болашақта «спорт шебері» атануды мақсат ететіндіктерін айтып өтті. Кітапханашы өз кезегінде өлкемізден шыққан атақты спортшы, бапкер Ғалым Жарылғапұлының өмірбаянымен, спроттағы жетістіктерімен, қазақ спортын әлемге әйгілі еткен шәкірттерімен таныстырып, әңгімелеп берді. Оқырмандар мерейтойға арналған презентация арқылы Ғалымның өмір өткелдерімен, қызметтегі жетістіктерімен, туған-туыстарымен танысты. Шара өте танымды, әрі тартымды өтті.