“Әбдіжәміл Нүрпейісов 95 жасқа толды”

14.02.2020

Халық жазушысы Әбдіжәміл Нүрпейісов – қазан айының 22-ші жұлдызы күні 95 жасқа толды. Осы мерейтойға орай балалар кітапханасы жазушының “Қан мен тер” трилогиясы бойынша әңгіме сағатын ұйымдастырды. Шара мақсаты: халық жазушысының өмір жолын, шығармашылығын таныстыра отырып, қазақ әдебиетін насихаттау, көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту және баулу. Әңгіме сағаты Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББМ-ның 10-шы сынып оқушыларымен өткізілді. Шара барысында Әбдіжәміл Кәрімұлының қазақ әдебиетіндегі көрнекті жазушылығы, оның “Қан мен тер” трилогиясы қазақ романдары ішіндегі шоқтығы биік шығарма екендігі айтылып, үзділер оқылып, кейіпкерлері жайлы әңгімеленді. Балалар кітапханасының кітап қорында жазушының “Жазушы” баспасынан 1970 жылы “Қан мен тердің” 2 кітабы “Сергелдең”, 1981 жылы “Қан мен тердің” 1,2 кітабы “Ымырт”, “Сергелдең”, 2004 жылы “Қан мен тердің” 1,2 кітабы; “ҚАЗақпарат” баспасынан 2015 жылы “Қан мен тер” трилогиясының 1,2,3 бөлімі, “Сондай да күн болған” диологиясы таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.