“Өмір жолы”

14.02.2020

Сан қырлы, сан салалы шығармашылық ғұмырында өнерге деген өршіл құштарлығы, сарқылмас қайрат-жігері, өр шабыты ерекше жарқырай көрінген, алып тұлға Құрманбек Жандарбековтың туғанына 7 қаңтар күні 115 жыл толды. Әнші, актер, режиссер, педагог, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Қ.Жандарбековтың өмірі мен шығармашылығы жайлы “Өмір жолы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты:Қ. Жандарбековтың өмірі жайлы әңгімелей отырып, шығармашылығымен таныстыру, оқушыларға әуелеп салынған әннің, өнердің құдіреттілігін сезіндіру, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қамшының сабындай ғана ғұмырында үлкен жетістіктерге жеткен тұлғаның өмірін үлгі тұту.

Кітап көрмесіне Ю.Гагарин атындағы ЖББОМ-ның 6 “А” сынып оқушылары, ұстаздары қатысты. Шара барысында “Әдеби мемуарлар” сериясымен “Білім” баспасынан жарық көрген “Құрманбек Жандарбеков туралы естеліктер”, “Қазақстан” Ұлттық энциклопедиясы, Вячеслав Титеневтің үш тілдегі “Қазақстан театрлары”, Бақыт Нүрпейістің “Қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері” атты кітаптары, Құрманбек Жандарбековтың «Көргендерім мен көңілдегілерім» кітабынан “Мың бұралған Шара” естелігінен үзінді, сахналық қойылымдардағы және көркем фильмдердегі фотосуреттері таныстырылып, әңгімеленді.