“Арқа аламаны” атты сайыста Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхана ұжымы бас жүлдеге ие болды

02.03.2020

Ағымдағы жылдың 21-ші ақпан күні мәдениет-сауық орталығының ұйымдастыруымен және “Нұр Отан” партиясының қолдауымен ауданның белсенді мекемелері арасында “Арқа аламаны” атты сайыс өткізілді.
Байқау 5 номинация бойынша өтті.
1. Ұлы ақын Абай шығармашылығынан көркем сөз оқу
2. “Отаным-алтын Ордам” патриоттық әндер
3. Әр ұлттың биі
4. Әзіл-сықақ, пародия
5. “Күш- атасын танымас” қол күрес сайысы Байқау нәтижесі бойынша Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхана ұжымы бас жүлдеге ие болып, “Патриоттық ән” номинациясының жеңімпазы атанды.