Досанов Аманжан

06.05.2020

Досанов Аманжан –1921 жылы Ақмола уезі, Асанқайғы ауданы 6-шы ауылда туған. 1938-1942 жылдар аралығында Ынтымақ колхозында есепші –бухгалтер болған.1942 жылы әскерге алынған. 1943 жылы Орел-Курск- Белград майданында барлаушы-сапер. 1944 жылы 45-38 гвардиялық дивизияда пулеметші. Берлинді алуға қатысады. Соғыс біткеннен кейін Лейпцик қаласында комендатурада қызмет атқарып, 1946 жылы елге оралады, бес рет жарақаттанған. Соғыстан келісімен Ынтымақ колхозының  басқармасының орынбасары болып қызмет атқарады. С.Сейфуллин атындағы совхозда  кәсіподақ  комитетінің төрағасы, зоотехник, есепші  болып қызмет атқарады. 1991 жылы қайтыс болған.