Елшібайұлы Бақтияр

06.05.2020

Елшібайұлы Бақтияр (1924-2006 жж)- Ақмола уезі, Еркесай-Нілді болысында туған. Ұлы Отан соғысына қатысып, «І дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Қарағанды   қаласының екі жылдық мұғалімдер дайындайтын институтын, осы институттың тарих факультетін бітірген.  Жаңаарқа  ауданында  мұғалім, оқу бөлімінің инспекторы, әдіскерлік кабинетінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін атқарған. 1965-1967 жылдары аупорткомның идеология бөлімінің нұсқаушысы болған. «ҚазКСР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «КСРО білім саласының үздігі» атағымен құрметтелген. Енең тоқасы шежіресін жинақтаған адам. 1999 жылы «Тұлпарлар», 2001 жылы «Сәкен елі» кітапшалары жарық көрді.