Әбдірахманов Жүніс

06.05.2020

Әбдірахманов Жүніс – 1925 жылы Өспен руднигінде  туған.  1943 жылы 18 жасында соғысқа  аттанған. Бастапқы кезде оларды Петропавл қаласында әскери дайындықтан өткізіп,  1944 жылы майданға жіберген. Екінші Балтық әскери округінің құрамындағы 229 дивизияның жаяу атқыштар бөлімінде болып, Москва түбінде шағын стансадан бастап Латвия жеріне дейінгі аралықты соғыса отырып жүріп өтеді. Кезекті бір бекіністі алу үшін  болған ұрыста сол аяғына оқ тиіп, дала госпиталіне түседі. Соғыстан  кейін ішкі  істер бөлімінде қызмет істеп, майор шенінде зейнеткерлікке шыққан. Жалпы саны 19  орден, медальдермен марапатталған.