Жәнібеков Оспан

07.05.2020

Жәнібеков Оспан (1906- 1965жж)- Жаңаарқа елінің тумасы. Майдангер-ұстаз, жағрапия пәнінің маманы. 1941-1942 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград түбінде  болған шайқасқа қатысқан. 1942 жылы сол қолынан жараланып, денсаулығына байланысты майданнан елге қайтқан. Соғыстан кейін өмірінің соңына дейін ұстаздық қызмет атқарған.  «Қара өлең»,  «Бестоған», «Ынталы», «Ақтау» мектептерінде мұғалім, мектеп меңгерушісі болған.