Махметов Мәден –1921жылы туған. Партия, кеңес қызметкері. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Еңбек жолын 1941 жылы Қарағанды облыстық партия комитетінде бастаған. Жауынгерлік Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, ІІ-ші дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.