Сапиянов Мәжікен

07.05.2020

Сапиянов Мәжікен – 1918 жылы туған. Алматыдағы №2 мектептен соң Москвадағы  Кинематографиялық институттың операторлық бөліміне түскен жылы (Мәжит Бегалинмен бірге) әскер қатарына алынып, соғыстан 1946 жылы елге оралады. Соғысты Жапониямен шайқаста аяқтаған. «Қызыл Жұлдыз», «Қызыл Ту», екінші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталған. Аудандық ішкі істер бөлімінде ұзақ жылдар қызмет етіп, майор дәрежесінде зейнетке шығып, қайтыс болды.