Ізтілеуов Далбай

07.05.2020

Ізтілеуов Далбай – 1921жылы Ақмола уезі Асанқайғы болысының Ақшоқы қыстағында туған. Ұстаз, өлкетанушы. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1942 -1945 жылдары  І және ІV  Украин майдандарында  пулеметші болды. Жаңаарқа аудандық  өлкетану және №1 мектептің мұражайларының негізін қалады. «КСРО» ағарту ісінің үздігі, «ҚазКСР  халыққа білім беру  ісінің үздігі». І-ші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, көптеген медальдермен марапатталған.