Қуанышбеков Зейнолла

07.05.2020

Жаңаарқа ауданының тумасы Қуанышбеков Зейнолла ақсақал 1925 жылы өмірге келген. 1943 жылдың  қарашасында майданға аттанып, 1950 жылы елге оралған. Қиыр Шығыстағы майданға түскен ардагер Монғолия аймағында жасақталған 17 армияның 36-шы дивизиясының  жеке барлау батольонына  қатардағы минометші болып соғысқа кіреді.  Жапон агрессиясына қарсы Забайкалье бойындағы ұрысқа  қатысады. 1944 жылы көрсеткен ерлігі  үшін 19 жасында РКК белгісімен марапатталған. Өмірінің жеті жылын әскер сапына арнаған ардагер «І  дәрежелі Отан соғысы» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Жапон агрессиясына қарсы күрескені үшін И.Сталин «Алғыс хатпен» марапатталған, Маршал Василевскиден  «Алғыс хат» алған.