«Туған жерге тағзым»

23.11.2020

2020 жылдың 19 қараша күні Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасымен Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастыруымен жазушы Өмір Кәріпұлының 80 жасқа толуына орай, (ZOOM платформасында)  «Жазушының жарқын әлемі» атты әдеби-танымдық онлайн кездесу өткізілді. Кездесуге Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесі, ақындар, ғалымдар, журналистер, өлкетанушылар, ОКЖ, «Жыр жауһар» поэзия клубы, студенттер, оқушылар қатысты.

«Туған жерге тағзым» бөлімінде Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұжымы мерейтойға арналған шағын іс-шара ұсынды: Аудандық «Жаңаарқа» газетінің бас редакторы Ералина Салтанат Аманқызы жерлес жазушыны мерейтойымен құттықтап, сөз сөйледі. Оқу залының кітапханашысы Асылхан Айгерімнің Ө.Кәріпұлының шығармаларынан үзінді оқыған сәті алдын ала Жаңааарқа ауданының көрікті жерлерінде түсіріліп, бейнеролик түрінде көрсетілді. Мерейтой иесіне жерлес ақын Әсет Аманжолов «Арнау» жазып, ҚР Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші, композитор Сыздықов Жалын Айтбекұлы арнауды домбырада орындады.