« Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған» атты құрмет көрмесі

19.01.2021

              2020 жылдың 30 қараша  күні 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай « Тәуелсіздік ата-бабам  аңсаған» атты құрмет көрмесін онлайн библиографиялық шолу өткізілді. Мақсаты: Елiмiздiң тәуелсiздiк алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлiгiн паш ету.Желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлiгiн үлгi етiп көрсету.  Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін, құдіретті тұлға екенін таныстыру. Желтоқсан оқиғасы – әр қазақтың жан жарасы. Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы туралы. Тәуелсіздік – бабаларымыздың бізге қалдырған асыл мұрасы.